Айгерим Нурлан
ДЕК
20
Фото обложки

Құрметті Қызылордалықтар жəне қала қонақтары! Осы жексенбіде 28 ілмек клубының кезекті кездесуіне шақырамыз! Кездесуде уақытынан ерте туылған балаларға жүннен киім тоқимыз! Жүннен тоқылған киім бұрынғы замандағы шала туылған баланы тымаққа салып бағудың баламасы. Бұл ісіміз — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ. Сіздердің көмектеріңіз тек тоқумен ғана шектелмейді, жіп сатып алып берумен, əлеуметтік желілерде өзіміз сияқты ерікті адамдарды жинаумен, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізумен көмектеріңізді көрсетулеріңізге болады! Кездесуіміз 20 желтоқсан күні сағат 13.00 де Ваниль Кофейнясында болады. Мекен-жайы: Тəжібаев к-сі, 1а («Керуен», «Арбат» комплекстерінің қиылысы)